384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Сыртқы істер министрі қытайлық әріптесімен алда жоспарланған ШЫҰ кеңесін талқылады

  • 591
  • UPD: 07:27, 22.04.2017

Қазақстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ван И 2017-2019 жылдар аралығындағы серіктестікке қол қойды.

Қазақстандық тараптың ойынша, бұл құжат 3 жылдық әріптестікті нығайта түседі. Басқосуда екі жақ күрделі мәселелерді шешу үшін тағы да бас қосып тұруға уағдаласты. Сонымен қатар екі елдің сыртқы саяси бірлестігі де сөз болды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуі де назардан тыс қалған жоқ.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Екіжақты келіссөз барысында біз мемлекеттердің арасындағы саяси ынтымақтастықты талқыладық. Сонымен қатар сауда-экономикалық жағдайларды да шетқары қалдырмадық. Су ресурстары мен елшілік мәселелерін де айтып өттік. Биыл Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық барысын да қарастырдық.

Ван И, ҚХР Сыртқы істер министрі:

- Биыл 8-9 маусымда Астанада жоспарланған ШЫҰ кеңесін талқыладық. Одан басқа өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Сондай-ақ алдағы өзара әрекеттестіктің жаңа көкжиектерін анықтауға күш салдық.

Хабар 24 телеарнасы