384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ ядролық қаруды толық жоюды көздейді

  • 632
  • UPD: 17:55, 22.04.2017

БҰҰ-да ядролық қаруға тыйым салуды көздейтін жаңа халықаралық құжат әзірленіп жатыр. Бұл жойқын қаруға кедергі болатын заңдық мәртебесі бар құрал болмақ.

Маңызды құжатты талқылауға халықаралық сарапшылар, дипломаттар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың арасында Қазақстандағы Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов те бар.

Әлімжан Ахметов, Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры:

- Мен үкіметтік емес ұйымнанмын. Біз Қазақстанда Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығын биыл аштық. Шындығында қазіргі жағдайды тарихи оқиға деуге болады. Егер халықаралық қауымдастықтың осы мәселедегі ұстанымына зер салсақ, бұл адамзат баласының жаппай қырып-жою қаруынан азат болу арманын жүзеге асырудағы алғашқы қадамы екенін көресіз. Жаһандық ядролық қарусызданудың көшбасшысы болып саналатын Қазақстан да әлем елдерімен бірге бұл бағытта көп күш жұмсап отыр.

Хабар 24 телеарнасы