389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қырғызстан Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін талқылады

  • 522
  • UPD: 21:57, 22.04.2017

Қазақстан үшін Қырғызстан – стратегиялық әріптес және одақтас мемлекет. Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.

Еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстан Республикасынан келген әріптесі Эрлан Абдылдаевпен кездесу барысында осылай деді.

Қырғыз сыртқы саяси ведомствосының басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға арнайы келді. Тараптар Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше назар аударып, екі ел азаматтарының барыс-келісі мен алыс-берісіне қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы