385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

  • 394
  • UPD: 19:10, 05.05.2017
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы су, автомобиль, теміржол және қалалық рельсті көлігінде бақылау жүйесін жақсартуға, теңіз ортасын қорғауды күшейтуге және теңізде жүзу қауіпсіздігін жоғарылатуға, сондай-ақ қазақстандық құрғақ жүк тасу флотын дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Президент мәдениет саласындағы заңнаманы жетілдіруге, тарихи-мәдени мұраны қорғауға, театр өнерін, кітапхана және музей ісін дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы