389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қазақстан мен БАӘ дипломатиясына 25 жыл

  • 464
  • UPD: 20:45, 05.05.2017

Осыған орай Абу-Дабидегі дипломатия академиясында салтанатты қабылдау өтті. Игі шараға әмірліктердің Сыртқы істер министрілігінің басшылық құрамы, шетелдік елшілер, бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Екі елдің қарым-қатынасы жыл санап қарыштап дамып келеді. Сауда-экономикалық байланыс қос тарапқа да ырысты молынан беріп отыр. Біріккен Араб Әмірліктері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне Қазақстанды тұрақты емес мүшесі етіп сайлауы кезінде алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Сондай-ақ Таяу Шығыс елдері арасында әмірліктер Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысатынын бірінші болып растады.

Бүгінде екі ел арасында 80-нен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомоствааралық келісімдер жасалған. Қос мемлекеттің Сыртқы істер министрлері дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орай құтттықтау хат жіберіп, дәстүрлі байланысты одан әрі дамыта түсуге баса назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы