378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев елорда инфрақұрылымының EXPO-2017 көрмесіне әзірлігін тексерді

  • 390
  • UPD: 16:49, 20.05.2017
Б.Сағынтаев елорда инфрақұрылымының EXPO-2017 көрмесіне әзірлігін тексерді Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа теміржол вокзалының, Астананың халықаралық әуежайының жаңа терминалдарының, «Жасыл орам» және «Абу-Даби Плаза» кешендерінің, «Талдыкөл» кәріз тазарту ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана бүгінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ашуға белсенді түрде дайындалуда. Елорда инфрақұрылымының нысандары қала тіршілігін үздіксіз қамтамасыз ету және «ЭКСПО-2017» қатысушылары мен қонақтарының қолайлы өмір сүруі үшін үлкен рөл атқарады.

Хабар 24 телеарнасы