386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ақпаратты дер кезінде бермеген мекемеге айыппұл салынуы мүмкін

  • 386
  • UPD: 19:37, 01.06.2017

Бірқатар мемлекеттік орган елдегі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң талаптарын бұзып отыр.

Бұл туралы осы заңнаманың іске асырылу барысын талқылаған кеңесте айтылды. Аталған заң «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы бірнеше міндетті қамтиды. Сондықтан оған аса мұқият болған жөн. Мәселен, облыс әкімдіктерінің 70 пайызы, ал министрліктердің 30 пайызы қажетті ақпаратты алуға қатысты сауалдарға жауап бермей, үнсіз қалған. Бұл үкіметтік емес ұйым өкілдерінің жасаған сараптамасы. Сұранысқа жауап қатпаған мекемелерге қолданылатын шараны қатайту, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесіне Мәжіліс депуттары мен бірге шетелдік сарапшылар да өз ойларын қосты. Мәселен, Эстонияда ақпаратты дер кезінде бермеген мекемеге 2 мыңнан 10 мың еуроға дейін айыппұл салынады. Қазақстанда бұл жайт заңға сәйкес әлі жетілдіріле түспек. Бастысы онда халықтың ұсынысы ескеріледі.

Айта кетейік, елімізде әркімнің тыйым салынбаған ақпаратты еркін алуына құқығы бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Не істеу керек деген мәселеге келетін болсақ, азаматтық қоғам, мемлекеттік ұйымдар, депутаттар өздерінің күштерін біріктіріп, осы заңды орындауға күш жұмылдырулары керек. Мемлекеттік емес ұйымдардың тарапынан мемлекеттік ұйымдардың ашықтығына арналған рейтинг жасап, соларға баға беру мемлекеттік органдардың жұмысына оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы