383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М. Әшімбаев: Қазақстан Орталық Азияның тұрақтылығы үшін күш салуға дайын

  • 473
  • UPD: 15:25, 02.06.2017

Жаһандық түрлену жағдайындағы Орталық Азия. Биыл Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ХV халықаралық конференциясы осындай тақырыппен өтіп жатыр.

Жиынға қатысушылар Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесін қарады. Сондай-ақ оның халықаралық ұйымдармен байланысын арттыру жайы да кеңінен талқылану үстінде. Яғни НАТО, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық және  Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымдарымен өзара ынтымақтастық орнату мәселесі төңірегінде әңгіме өрбиді.

Бүгін Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Ауғанстан мен Қазақстан сарапшыларының баяндамасы тыңдалады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту, өзара әріптестікті арттыру – Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағытының бірі. Егемен еліміз Орталық Азияның тұрақтылығы үшін барынша күш салуға дайын. Қазақстанның қай тұрғыдан болсын дамуына Орталық Азия өзіндік әсерін тигізеді. Біз қазір инвестиция құюға әзірміз. Бұған қатысты шешім шығарылып, келісімге қол қойылды. Жақында Мәжіліс Қырғызстанға 100 млн доллар көлемінде көмек көрсету жөніндегі келісімді мақұлдады. Оның басым бөлігі ақшалай, ал қалғаны тауар түрінде. Сонымен қатар қызмет көрсету арқылы да жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы