389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістан Премьер-министрі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін елордаға келді

  • 437
  • UPD: 15:26, 08.06.2017

Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Наваз Шариф келді.

Пәкістан Премьер-министрі Наваз Шариф ұшағы Астана әуежайына ұшып келді. Оның басты мақсаты Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу. Пәкістан үшін бұл кездесу аса маңызды деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі, ауқымды шара аясында Пәкістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы мүшелігі қарастырылады.

Айта кетейік, Қазақстан мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бастап, саяси ықпалдастығымыз жоғары деңгейде, ол достық және әріптестік рухында дамып келеді. 35-тен аса екіжақты келісімшартқа қол қойлыған. Мұндай маңызды құжаттар ретінде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың принциптері туралы декларация мен дипломатиялық және консулдық қатынастарды орнату туралы келісімді атап айтуға болады. Түрлі жылдары Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғалары Қазақстанға іссапармен келген болатын. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанға 2003 жылы ресми сапармен барған. Қазіргі таңда екі елдің өзара тауар айналымы өсіп келе жатыр. Нәтижесінде сауда-экономикалық ықпалдастық кеңеюде. Былтыр бұл көрсеткіш 20,9 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан Пәкістанға құны 2,2 млн долларды құраған тауар экспорттады. Осы қарым-қатынастарды нығайтуға 2015 жылғы 5-6 қарашада Астанада өткен Қазақстан-Пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жұмысы ерекше ықпал жасады десек болады.  

Авторы: Дариға Ташенова

Хабар 24 телеарнасы