389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК: Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

  • 669
  • UPD: 21:11, 08.06.2017

Елімізде Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Ал үміткерлер бүгіннен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында комиссия төрағасы Берік Имашев мәлімдеді. Еліміздің барлық облыстарымен қатар Астана және Алматы қалаларынан 52 үміткер тіркелген. Төрағаның айтуынша, кандидаттардың барлығына үгіт жұмысын жүргізу үшін бірдей жағдай жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау 28 маусымда өтеді. Ал Парламенттің жоғары палатасының депутаттарын мәслихат депутаттары құпия дауыс беру арқылы сайлайды.

Мақсат Анапин, ҚР ОСК бөлім меңгерушісі:

– Тіркелген кандидаттардың ішінде 47-сі – ер, 5-еуі – әйел адам. Кандидаттардың орташа жасы 51,5 жасты құрайды. Тіркелген кандидаттардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстаннан. Олар 5 адам болып тіркелді. Ақмола және Астана қаласынан 4 үміткерден тіркелді. Басқа өңірлерде 3 кандидаттар тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы