386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ саммиті өтіп жатыр

  • 582
  • UPD: 14:54, 09.06.2017

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммиті өтіп жатыр.

Айтулы басқосуға қатысу үшін Астанаға Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары мен үкімет өкілдері келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, биыл ұйымға 16 жыл толады. Осы уақыт ішінде ұйым халықаралық деңгейде танылып, тілдесудің алаңына айналды. Бүгінгі саммиттің басты тақырыбы Ұйымға Үндістан мен Пәкістанның қосылуы болмақ.

Хабар 24 телеарнасы