386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ мүшелері терроризмге қарсы бірлескен мәлімдеме қабылдайды

  • 507
  • UPD: 15:18, 09.06.2017

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер терроризмге қарсы бірлескен мәлімдеме қабылдайды.

Бұл туралы бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Айта кетейік, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитті өтіп жатыр. Шара барысында Мемлекет басшысы Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерін қарсы алды. Жалпы бірлестікке мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің елордада ұйымдастырылуы тегін емес. Себебі былтыр төрағалық міндет Қазақстанға тапсырылған болатын. Оның үстіне биылғы басқосу бұрынғыдан өзгерек. Үндістан мен Пәкістан қатарға қосылғалы отыр.  Бұл елдердің мүшелікке өтуі Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі мен маңызын арттыра түседі. Шағын құрамдағы басқосу кезінде Президент Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Азиядағы тұрақтылық мәселесіне баса мән беретінін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы