384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ға мүше елдер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 462
  • UPD: 17:08, 09.06.2017

Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатарына Үндістан мен Пәкістанның қосылуы бірлестіктің өркендеуіне тың серпін береді әрі халықаралық беделінің нығаюына ықпал етеді. Астанадағы саммит кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйым өз дамуының жаңа кезеңіне өткендігін мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Символично, что именно в Астане 12 лет назад были подписаны решения о предоставлении двум странам статуса наблюдателя нашей организации это Индии и Исламской Республике Пакистан. И важность нашего заседания в том, что эти страны впервые участвуют в нашей организации, и организация расширяется. Теперь зона ответственности ШОС охватывает территории более чем трех миллиардов человек. Таким образом, организация вступила в новый этап своего институционального развития уже как Шанхайская восьмерка.

Кеңейтілген құрамда кездескен мемлекет басшылары халықаралық мәселелерді талқылауға кірісті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан бастамаларына кеңірек тоқталды. Әсіресе бірлестікке мүше елдерге жақын орналасқан мемлекеттердегі гео-саяси ахуалға баса мән берді. «Осы тұрғыда бүгін қабылданатын терроризмге қарсы мәлімдеменің маңызы зор»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- В качестве не постоянного члена совета безопасности ООН в период 2017-2018 годов Казахстан приложет все усилия для решения региональных конфликтов вместе свами. Все цело поддерживаем усилия руководства Афганистана по укреплению внутри афганского политического диалога и меры по трансформации страны в стабильно, устойчивого развивающего государства что является в интересах нашего региона.

Хабар 24 телеарнасы