Украиналықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетті

Украиналықтар ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатын тікелей эфирден көріп, Қазақ елінің өзіне жүктелген ауқымды шараны жоғары дәрежеде өткізіп жатқанын айтады.

Көрермен қауым «Жаңалықтан» көрмені ұдайы тамашалап, өз елінің атын шығарар украиналық қатысушыларға қызу қолдау көрсетіп жатыр.

Дарья Карякина, Outlook-тің жоба жетекшісі: 

- ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанаты мен шетелдік меймандарды қарсы алу рәсімін үлкен қызығушылықпен тамашаладым. Екі елдің бірлікте болуы және достық қарым-қатынасты одан әрі дамытып келе жатқаны мені қатты қуантады. Ынтымақ бар жерде үлкен істер атқаруға болады.