382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Швейцарияға алғыс айтты

  • 462
  • UPD: 13:49, 19.06.2017
Қ.Тоқаев «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Швейцарияға алғыс айтты

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі федералдық кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен жұмыс бабында кездесті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қ.Тоқаев «жасыл экономика» мен балама энергетика саласындағы әлемдегі көшбасшылардың бірі болып табылатын Швейцарияға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты.

Сенат төрағасы Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды әрі сенімді әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық аясында белсенді саяси диалог, ауқымды сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстар өрістеп келеді.

Кездесу барысында екіжақты байланыстарда да, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен бірге халықаралық ұйымдар аясында да маңызды рөл атқаратын парламентаралық диалогты нығайтудың келешегі қаралды.

Қ.Тоқаев пен Швейцария сыртқы саясат мекемесінің басшысы ЕҚЫҰ жауапты аймақта «созылмалы шиеленістерге» қатысты бірқатар мәселені талқылады.

Хабар 24 телеарнасы