386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ инвестициялық компаниялары Қазақстанмен жұмыс жасауға дайын екенін жасырмады

  • 484
  • UPD: 10:48, 26.06.2017

Әлемнің жетекші инвесторлары Қазақстандағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызын ерекше бағалап отыр. Олар Елбасының экономикалық өсудің жаңа үлгісін құру туралы бастамасын құптайтынын жеткізді.

Айтуларынша, Қазақстанда төртінші өнеркәсіптік революция іске асырыла бастаған. Соның арқасында елімізде жаңа инновациялық жобалар пайда болып, экономика дамудың биік сатысына өтіп отыр.

Осы ретте АҚШ ірі инвестициялық компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жасырмады.

Санджит Данг, «Intel Capital» компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры:

– Меніңше, Қазақстан – болашағынан зор үміт күттіретін, тұрақтылық орнаған қуатты мемлекет. Сіздердің елдеріңіз алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Біз бұл бағытта қолдау көрсетуге әзірміз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы