386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев ТМД ПАА бақылаушыларын қабылдады

  • 517
  • UPD: 21:18, 27.06.2017

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы өкілдерімен кездесті.

Бұл  ретте ТМД байқаушылар  миссиясы едәуір өкілетті және сайлау мониторингінде мол тәжірибесі бар екендігі айтылды. Делегация басшысы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасы Ильяс Умаханов делегация құрамында бес ел өкілдерінің болатынын жеткізді. Олар Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларындағы сайлау барысын бақылайды.  «Осы орайда Сенат депутаттарын сайлайтын бұл саяси сәттің маңызы жоғары екенін біз жақсы түсінеміз», - деп атап өтті Умаханов. Негізі Парламент Сенатының депутаттығына 89 үміткер ұсынылып, оның 38-і тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы