389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық сайлау комиссиясы төрағасы ТМД ПАА өкілдерімен кездесті

  • 551
  • UPD: 22:54, 27.06.2017

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ТМД парламентаралық Ассамблеясының делегациясымен кездесті.

Берік Имашев  байқаушыларды Орталық сайлау комиссиясының Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі қызметімен таныстырды. Науқанға дайындық барысын сөз етті. Сайлаушылар алғаш рет электронды тіркеуден өтетіндігін айтты. Байқаушыларға  қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Ал Ресей Федералды жиналысы кеңесі федерация төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов сайлауды байқауға шақырғаны үшін алғыс білдірді. Парламентаралық Ассамблея өкілдерінің елімізде  Сенат депутаттарын сайлауда оң тәжірибесі бар екенін жеткізді.

Айта кетейік, ТМД парламентаралық Ассамблеясы байқаушыларының құрамына 6 мемлекеттің 13 өкілі кіреді. 

Ильяс Умаханов, РФ Федералды жиналысы кеңесі федерация төрағасының орынбасары:  

- Кездесу барысында жұмыс тәртібімізді талқыладық. Біздің топтың ұзақ мерзімді бақылау шаралары жөнінде айтып,  атқарған жұмысымыз бойынша есеп бердік.  Науқан барысы Қазақстанның қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай келеді деген қорытынды жасадық. Біз Астана қаласы мен Ақмола және Қарағанды облыстарында байқаушылық міндетті жүргіземіз. Сайлауға дайындық барысы мен ұйымдастырушылық жұмыстары өте жоғары деңгейде.

Хабар 24 телеарнасы