377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Мәжілісі соңғы отырысын өткізді

  • 619
  • UPD: 13:42, 28.06.2017

Бүгін Парламент Мәжілісі осы сессиядағы соңғы отырысын өткізді.

«Бұл Мәжіліс тарихындағы ең маңызды кезеңнің бірі болды», – деді палатаның жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы. Бұл сессия кезінде Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Осыған байланысты депутаттардың белсене қатысуымен тарихи Декларация да қабылданды. Сонымен бірге Елбасы бастамасымен ірі конституциялық реформа жүргізілді. «Оны сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін халық қалаулылары қыруар жұмыс атқарды. Нәтижесінде еліміздің Конституциясына, басқа да көптеген маңызды заңдарға өзгерістер енгізілді», – деді Нұрлан Нығматулин.

Бұл сессия жалпы отырыстар мен Үкімет сағаттарының онлайн режимінде бүкіл республикаға көрсетілуімен елдің есінде қалары анық. Сондай-ақ осы уақыт аралығында Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, онда 226 мәселе қаралды. Аталған кезеңде палата 84 заң жобасын талқылап, мақұлдап, Сенатқа жолдады. 16 Үкімет сағаты, екі парламенттік тыңдау, 25 дөңгелек үстел, Мәжіліс комитеттерінің 17 көшпелі отырысы және 4 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Мәжіліс депутаттары 15 заң жобасына бастамашы болып, оның 10-ы қабылданды. 

Хабар 24 телеарнасы