386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы 2 күнде ОСК барлық өңірден сайлау нәтижелері жайлы хаттамаларды жинайды

  • 534
  • UPD: 15:24, 28.06.2017

Бүгін Парламент Сенаты депутаттарын сайлау аяқталып, 16 мандаттың иелері анықталды.

Үміткерлердің  арасында қазір бұл қызметті атқарып жатқан 4 сенатор мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары бар. Алдағы 2 күн ішінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері барлық өңірлерден сайлау нәтижелері жайлы хаттамаларды жинап, қорытындыларын жариялайды.

Еске салайық, биыл сайлауда дауыс беру туралы мәліметтерді электронды түрде хабарлау жүйесі алғаш рет қолданылды. Жаңа жоба бойынша сайлаушылар туралы ақпар мен дауыс берудің алдын ала нәтижесі Орталық сайлау комиссиясының сайтында онлайн түрінде көрсетілді. Кандидаттар маусымның 7-сіне дейін тіркеліп, сайлауалды үгіт-насихат маусымның 8-і мен 26-сы аралығында өткізілді.

Естеріңізге салайық, Парламент Сенатында 47 орын бар. Оның 15-ін Президент тағайындаса, қалғанына халық сайлаған мәслихат депутаттары таңдау жасайды. Биылғы сайлауда үміткерлерді еліміздің облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 3 мың 165 мәслихат депутаты дауыс берді. Олар бұдан бұрын өзінің сессияларында әр облыс және Астана мен Алматы қаласындағы 89 үміткер арасында іріктеу жүргізіп, 38 кандидатты тіркеді.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

 

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттарына сайлауға 3291 таңдаушыдан 3165-і қатысты. Ол 96,2 пайызды құрайды. Сайлау науқанына қатысқан байқаушылар саны 172, шетелдік БАҚ өкілдерінің саны 116, барлығы 288 байқаушы. Сайлау науқаны ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес өткізілді. Осы уақытқа дейін ОСК-ға арыз-шағымдар келіп түскен жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы