379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы саяси науқанға 3 кандидат қатысты

  • 270
  • UPD: 15:29, 28.06.2017

Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаты болып Ерік Сұлтанов сайланды.

Саяси аламанға 3 кандидат қатысты. Құрылысшы, агроном және жолшы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, бағдарламаларын таныстырды. Сайлау барысында үміткерлерге аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардың 209 депутаты дауыс беріп, көпшілігі Ерік Сұлтановқа сенім білдірді. Ол 176 дауыс жинап, жоғарғы палата мандатын жеңіп алды. Жаңа сенатор 2014-2017 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып қызмет етті. Енді аймақтағы өзекті мәселелерді Парламент қабырғасында шешуге атсалыспақ. Сайлау барысын халықаралық байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылады.

Валерий Самокрутов, халықаралық байқаушы, (РФ):

– Сайлау заң бойынша, барлық талаптарға сай өтті. Ешқандай заңбұзушылық байқалмады. Лайықты кандидат жеңіске жетті. Ол ең көп дауыс жинады.

Хабар 24 телеарнасы