386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін ОСК мүшелері Сенат депутаттары сайлауының қорытындысын жариялады

  • 377
  • UPD: 17:25, 29.06.2017

Сонымен жоғарғы палатаның 16 депутаты анықталды.

Олардың қатарында қазір осы қызметті атқарып жүрген 4 сенатор мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары бар.

Айта кетейік, Парламент Сенатында 47 орын бар. Оның 15-ін Президент тағайындаса, қалғанына халық сайлаған мәслихат депутаттары таңдау жасайды.

Биылғы сайлауда үміткерлерге еліміздің облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 3 мың 242 мәслихат депутаты дауыс берді. Олар бұдан бұрын өзінің сессияларында әр облыс және Астана мен Алматы қаласындағы 89 үміткер арасында іріктеу жүргізіп 38 кандидатты тіркеді.

Хабар 24 телеарнасы