389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананы 19 жылдық мерейтойымен неміс Бундестагының мүшелері құттықтады

  • 538
  • UPD: 20:47, 07.07.2017

Андреас Янның айтуынша, бас қаламыз – EXPO көрмесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті және Сирия жөніндегі келліссөздер сияқты ауқымды шаралар өтетін саяси маңызы бар, сенімді, ұстанымы зор шаһар.

Неміс саясаткері елордамыздың бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналғанын да атап өтті.

Андреас Ян, Бундестагтың Халықаралық істер жөніндегі парламент хатшысы:

- Бундестаг атынан Астананы 19 жылға толуымен шын жүректен құттықтаймын! Ел Президенті бас қаланың осындай деңгейге жетуіне үлкен үлес қосты деп санаймын. Астанадағы ғимараттар мені тәнті етті. Тағы бір айта кететіні: жас болса да, Елорда EXPO көрмесін қабылдап жатыр. Менің ойымша, бұл өте жақсы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы