389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2019 жылдан бастап еліміздің денсаулық сақтау жүйесі электронды форматқа көшіріледі

  • 670
  • UPD: 14:26, 11.07.2017

Ведомство басшысы Елжан Біртановтың айтуынша, жақында дәрігерлер рецептерін электронды түрде бере бастайды.

Мұндай шешім жүйені бақылауды жеңілдетеді. Сондай-ақ науқастар қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын онлайн түрде тексере алады. Ол үшін арнайы мобильді қосымша іске қосылады. Телефон арқылы препараттардың стандартқа сай екендігін көруге болады және дәрілердің штрих-кодын енгізіп, жалған тауарларды анықтауға да мүмкіндік бар.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әр адам ұялы телефонына мобильді қосымшаны жүктеп, дәрігерлерді өздері таңдай алады. Бағдарлама арқылы хабарламалар жіберіп, бейне байланысқа да шығады. Күзде аналарға арналған бірінші мобильді қосымша іске қосылады. Дәрігер оның арқасында баланың денсаулығын онлайн түрде бақылайды. Жыл соңына дейін қант диабетіне шалдыққан азаматтарға да бағдарлама әзірлейміз.

Хабар 24 телеарнасы