Р.Гудман: Қазақстан – әлемдік аренада халықаралық бастамалар бойынша абсолютті көшбасшы

ЕХРО-2017 – жетістікке апаратын халықаралық деңгейдегі қазақстандық бастамалардың тағы бірі.

Бұл – Британ-Қазақ қоғамының патроны Руперт Гудманның сөзі. Ол сондай-ақ британиялық жұртшылықтың көрме жайлы жағымды пікірі жазылған арнайы есептің дайындалғандығын айтып отыр. 

Руперт Гудман, Қазақ-Британ қоғамының патроны:

- Біз Халықаралық сауда департаментімен және Ұлыбритания павильонының комиссары Чарльз Хендримен бірлесіп ЕХРО-2017 жайлы баяндама әзірледік. Оның мазмұны өте жағымды дүниелерден тұрады. Менің ойымша, Глостер Герцогының көрмеге қатысуы шараға салмақ қосты және ол өте сәтті өтті. Бұл – екі ел арасындағы маңызды мәселелердің бірі. Менің ойымша, Қазақстан – әлемдік аренада халықаралық бастамалар бойынша абсолютті көшбасшы. Мемлекет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, саммитін өткізді, Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Бұл, әрине, ел Президентінің және Қазақстан халқының үлкен жетістігі деп білемін.