385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне 172 отбасы көшті

  • 770
  • UPD: 13:31, 08.08.2017

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, қоныс аударамын дегендерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Олардың көшуіне алғашқы бір жылда үйді жалға алуына субсидия бөлінеді. Ал қоныс аударғандардың 88 пайызы негізінен ауылдық жерге барады екен.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Үкімет былтырғы жылдарды сараптап келіп, төрт облысты белгіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан. Сол өңірлерге біздің халық көшемін десе, мемлекеттің тарапынан қолдау көрсетуге даярмыз.

Хабар 24 телеарнасы