386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев Беларусь Премьер-Министрімен екі ел ынтымақтастығын талқылады

  • 584
  • UPD: 15:14, 13.08.2017

Қазақстан – сауда айналым көрсеткіші бойынша Беларусь мемлекетінің негізгі серіктесі.

Мәселен биыл 5 айда арадағы алыс-беріс көлемі 207 млн доллардан асты. Яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73%-ға артқан. Бұл жөнінде Бақытжан Сағынтаевтың елімізге жұмыс сапармен келген Беларусь Премьер-Министрімен кездесу барысында белгілі болды. Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытудың 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын талқылады. Қазақстан Үкімет басшысы екі ел ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын сөз етті.

Сондай-ақ Премьер-Министрлер қыркүйек айында Астанада өтетін Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының XIII отырысын тілге тиек етті. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара әріптестік мәселесіне де назар аударды. Өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сондай-ақ ғарыш салаларында серіктестікті кеңейту мәселесін талқылады.

Айта кетейік, биыл қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл.

Хабар 24 телеарнасы