384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігі беларусьтік «Белтелерадиокомпаниясымен» әріптестікті нығайтады

  • 440
  • UPD: 15:13, 13.08.2017

«Хабар» агенттігі «Белтелерадиокомпаниясымен» әріптестікті нығайтады.

Бүгін Беларусь Премьер-Министрінің елімізге сапары аясында осындай келісім жасалды. Қос мемлекеттің агенттік басшылары тиісті құжатқа қол қойды. «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, «Белтелерадиокомпаниясының» өнімдері бізде қызықтылығына қарай іріктелініп көрсетілуі мүмкін. Ал отандық өнімдер Беларусь елінде көпшіліктің қарауына ұсынылады. Сондай-ақ өзара тәжірибе алмасып, мамандар үшін бірлескен тренингтер өткізу жоспарда бар.

Алмагүл Ахметжанова, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы:

- Біздің көрмендерімізге қызықты болатын телехикаялар немесе деректі фильмдерді іріктеп, агенттік құрамындағы арналардан көрсетуіміз мүмкін. Сондай-ақ бұл әріптестік ақпарат алмасуды жеңілдете түседі. Яғни ақпараттық арналар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істей алады немесе «Қазақ TV» арнасы өндіретін мәдени контент оларға қызықты болуы мүмкін. Бұл өзара тиімді әріптестік деп ойлаймын.

Сондай-ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдаланып, зерттеулер жүргізу үшін Бейбіт Атамқұлов пен Беларусь Ұлттық академиясының президиум Төрағасы тиісті меморандумға қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы