386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

  • 462
  • UPD: 16:22, 15.08.2017
Б.Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-Министрімен кездесті Деловой Казахстан

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды. 

16 тамызда ФР Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық EXPO-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы