388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да үш басқарма басшысы ротацияланды

  • 829
  • UPD: 22:59, 21.08.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында үш бірдей басқарма басшысы алмастыру тәртібі бойынша орын ауыстырды. Олар – өңірдің бас еңбек инспекторы, тілдерді дамыту және табиғи ресурстар басқармасының басшылары.

Мемлекеттік қызметкерлер бір орында бес жылдан астам уақыт еңбек еткен. «Жүз қадамда» жүктелген міндеттемеге байланысты енді «Б» корпусына теңестірілген облыстық басқарма басышылары осылайша 3 жылда бір рет өзге қызметке ауыстырылып отырады. Әрине өз қалауы бойынша. Егер ұсынылған бос орындар ұнамаса, ары қарай тағы да үш жыл өз қызметін жалғастырады. Алты жылдан кейін қызметін ауыстыруға міндетті. Егер өзге өңірге ауысып жатса, баспанамен қамтылады.

Он жылдан астам еңбек инспекциясында қызмет атқарған Бастар Есқараев: «Ротацияның мемлекеттік қызметкер үшін берері мол», – дейді. Өйткені бір жерде қарайып қалмай, екінші саладағы өзекті мәселені шешу үшін заңды жетік білуге ұмтылу қажет. «Бұл құрылымды күшейтіп қана қоймай, тамыр-таныстықтың жолын кесіп, кәсіби мемлекеттік аппарат құруға тікелей әсер етеді», – дейді білікті басшы.

Бастар Есқараев, облыстық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы:

– Өркениетті елдер қатарына қосылып, білікті жан-жақты басшыларды дайындаймыз десек, біз уақыт келе басшыларымызды басқа саламен ауыстырып тұрғанымыз абзал. Білікті басшы жан-жақты болуы керек. Мәселен 2-3 саланы басқарған басшы жаман басшы болмайды деп ойлаймын. Сол тұрғыдан қарағанда ротация тәртібін мен қолдаймын.

Әли Көмекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысы:

– Бұл дер кезінде сыбайластыққа жол бермеудің негізінде дүниеге келіп отыр. Заңда жазылған аппараттың мүмкіндігін тиімді қолдану. Мүмкін үш жыл жұмыс істеп, зерігіп жүрген шығар. Ал жаңа орында белсенділігі артып, жұмысқа деген құлшынысы күшейеді.

Хабар 24 телеарнасы