384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы В.Путинді туған күнімен құттықтады

  • 547
  • UPD: 15:47, 07.10.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Елбасы ресейлік әріптесін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Хабар 24 телеарнасы