375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

  • 735
  • UPD: 16:33, 30.10.2017
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелігі шарттарын реттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы