383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Астана процесінің бітімгерлік нәтижелерін көріп отырмыз

  • 530
  • UPD: 21:35, 30.10.2017

Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтатып, Радикалды Ислам мемлекетінің идеологиясына тосқауыл қою мәселесіндегі жасалған маңызды қадамның бірі Астана процесі.

«Аймақта бейбітшілік орнатуды көздейтін Астана келіссөз алаңында айтылған пікірлер мен бітімгерлік іс-қимыл өз нәтижесін беріп отырғанын көріп отырмыз», – дейді саясаттанушы Дәурен Бабамұрат.

Дәурен Бабамұрат, саясаттанушы: 

Бұл жерде Елбасының рөлін атап өту керек. Егер ол кісінің үлкен мәмілегерлігі болмаса, осы іске араласу барысында тікелей нақты жоспары болмайтын болса, біріншіден, Астана процесі осыншама ұзаққа созылмас еді. Екіншіден, ол нәтиже бермес еді. Ал дәл қазір біз көп те емес, аз да емес, өз деңгейінде Астана процесінің нәтижелерін көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы