387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша сарапшылармен кездесу өтті

  • 486
  • UPD: 23:35, 02.11.2017
Мәжілісте ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша сарапшылармен кездесу өтті parlam.kz

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау үшін халықаралық және ұлттық сарапшылармен кездесу өтті.

Сарапшылар кеңесінің жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, Ақпарат және коммуникация министрлігінің және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық БАҚ саласы мен халықаралық сарапшы Диана Дигол, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің орынбасары Тулесбаева Гүлмира Қанатжанқызы және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы, ЮНИСЕФ балалар қоры сияқты халықаралық ұйымдарының өкілдері және тағы басқалар қатысты.

БАҚ қоғам үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады.

Отырысты ашқан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Г.Иксанова Мәжіліс қоғамның өзекті мәселелерін шешуге өз үлесін қосқысы келетін әрбір адамның өз ұсыныстарын жасай алатын тиімді диалог алаңы екенін атап өтті.

Жұмыс барысында сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарында радиохабарлар тарату, ақпарат, байланыс, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасып, халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын талқылады.

Сонымен қатар талқылауға қатысушылар сөз бостандығы және ақпарат тарату саласындағы халықаралық стандарттарға, сондай-ақ ратификацияланған халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес заң жобалары бойынша ұсынымдарын берді.

Осы ретте заманауи қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте күрделі. Оқырмандар әрдайым журналистерден оқиғалар туралы объективті ақпарат беруін күтеді. Сонымен қатар олар жарияланған деректердің сенімді және нақты болғанын қалайды.

Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысының негізгі қағидаттарын шоғырландыру, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін дамытудың іргелі негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Сарапшылық кездесудің модераторы, жұмыс тобының жетекшісі Бейбіт Мамраев, халықаралық сарапшылар ұсынған ұсынымдар заң жобасында көзделген негізгі тәсілдерге жауап беретінін атап өтті.

Тұтастай алғанда Парламент Мәжілісінің депутаттары адамның құқығы, оның жеке өмірі сөз бостандығы сияқты маңызды деген пікірге келді.

Ақпарат көзі: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы