386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары жаңа Салық кодексінің жобасын талқылады

  • 533
  • UPD: 22:01, 07.11.2017

Енді әрбір қазақстандық салық төлеуші салық органдарының нұсқауларын ресми ескертуден кейін орындаған жағдайда айыппұл мен өсім төлемеуі мүмкін.

Ал егер тексеруші орган салық төлеушінің ісін кәсіпкерлікке жатқызбаса, біріншісі салық актісіндегі қорытындысын дәлелдеуге міндеттеледі. Сондай-ақ Салық кодексіне түзетулер шілде айынан кешіктірілмей қабылдануы керек. Кәсіпкерлер жаңа ережемен уақытылы танысып, заң аясында қызмет ететін болады. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Салық кодексінің жаңа нұсқасына осындай өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Оның айтуынша, бұл адал салық төлеушілердің мүддесін қорғауға бағытталған. Сенат депутаттарының талқысына түскен толықтырулар катарында салықтық әкімшілендіру және тәуекелді басқару жүйесін жеңілдету туралы да сөз болды. Сондай-ақ салықтық дауларды әділ шешу үшін аппеляциялық комиссияның бейтарап саясат ұстану қажеттігі айтылды. Ал Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов салық төлеуші ірі кәсіпорындарды тәуекел аймағы бойынша 3 топқа бөлуді ұсынды.

Қанат Баеділов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары: 

– Салық төлеушіні 3 санатқа бөліп отырмыз. Бірінші санаттағы салық төлеушілер – ең төменгі тәуекелділігі бар деген салық төлеушілер. Екіншісі – орташа тәуекелділігі бар салық төлеушілер, үшіншісі – жоғары тәуекелділігі бар салық төлеушілер. Соған байланысты біз шара қолданатын боламыз. Егер салық төлеуші жасыл топта болатын болса, оларға шара қолданбаймыз, көптеген жеңілдік береміз.

Хабар 24 телеарнасы