387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұржан Әлтаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

  • 609
  • UPD: 19:07, 08.11.2017
Нұржан Әлтаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әртүрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды. 

2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.

Хабар 24 телеарнасы