386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде өтіп жатқан форум аясында қос елдің білім саласындағы жобалары көрмеде көрсетіледі

  • 447
  • UPD: 13:22, 09.11.2017

Мемлекет басшыларының төрағалығымен өтетін бұл жиын жылына бір мәрте өтіп отырады.

Былтыр дәстүрлі басқосу Астанада ұйымдастырылған. Биыл Челябі қаласы аталған шараны екінші мәрте қабылдап отыр. Трактор шығарумен аты шыққан шаһарда 2005 жылы екінші өңіраралық ынтымақтастық форумы өткен еді. Жалпы Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі жиын алғаш рет 2003 жылы Омбыда болды. Содан бері жыл сайын екі елдің қалаларында алма-кезек ұйымдастырылып келеді. Челябідегі биылғы форумның тақырыбы адам капиталын дамытуға бағытталған. Онда қос мемлекеттің жетекші университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа сапалы байланысты өркендету жайы талқыланады. Білім саласындағы заманауи жобаларды бірлесіп қолға алу, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту секілді мәселелер де сөз болады. Сондай-ақ адам капиталын дамытуға қатысты мамандандырылған көрме өтеді. Онда Қазақстан мен Ресейдің білім саласында жүзеге асырып жатқан жобалары көрсетіледі. Форум аясында қос басшы Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына байланысты бірлескен құжатқа қол қояды деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы