383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Игорь Исаев: Адами капитал – нағыз байлық

  • 550
  • UPD: 20:23, 10.11.2017

Челябіде өткен Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде ректорлар кездесуі болды.

Екі елдің ірі жоғарғы оқу орындары білім және ғылым саласында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды. Мәскеу Болат және қорытпа институтының проректоры Игорь Исаевтың пікірінше, экономиканы әртараптандыру екі мемлекеттің бәсекеге қабілетті мамандар дайындау жоспарына жаңа міндеттер жүктеп отыр.

Игорь Исаев, МБЖҚИ проректоры:

- Келешек жоғары кәсіби, білікті мамандардың қолында. Адами капитал бұл нағыз байлық. Технология өтпелі. Қазір тіпті кезінде қалыптасқан ұстанымдардың ескіріп жатқанын байқаймыз. 5-10 жыл дайындалатын мамандықтарға қажеттілік жойылған. Адамзат дайын болмаған жаңа мамандықтар пайда болды. Сондықтан қоғамның әрекет ету бағытын алдын ала анықтау үшін адами капиталды дамыту мен болашақ басшыларды дайындау басты міндеттердің біріне айналып отыр.

Хабар 24 телеарнасы