Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің қарым-қатынасын одан әрі бекемдей түседі

  • 499
  • UPD: 21:46, 10.11.2017

Сыртқы істер министрілігінің ТМД департаментінің директоры Нұржан Каджиақбаровтың пікірі осындай.

Осымен он төртінші рет өткізілген шараның қос ел арасындағы алыс-беріс пен барыс-келісті арттыратынына сенімді.

Айта кетейік, форум алғаш рет 2003 жылы шымылдығын түрді. Содан бері қос мемлекеттің президенттері, аймақ басшылары және бизнес өкілдері жыл сайын бас қосады. Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын арттыруға арналған жиында белгілі бір тақырып төңірегінде талқылаулар өтеді.

Нұржан Каджиақбаров, ҚР Сыртқы істер министрілігі ТМД департаментінің директоры:

- Форум қорытындысында екіжақты бірнеше құжатқа қол қойылды. Соның ішінде мемлекетаралық, үкіметаралық, Қазақстан мен Ресейдің өңірлері арасында бірнеше келісім мен шарттарға қол қойылды. Жалпы айтқанда форумның нәтижелерін өте жоғары бағалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы