386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Жаңа өндіріс орындарының ашылуы мемлекеттер арасындағы тауар айналымын ұлғайтады

  • 1002
  • UPD: 21:49, 10.11.2017

Қазақстан мен Ресей саяси-экономикалық қана емес, жоғары технологиялар саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, екі елдің беделді жоғарғы оқу орындарында бірлесіп, маман дайындауға әзір.

Саясаттанушылардың айтуынша, адам капиталының дамуы - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекетің дамуына пайдасын тигізеді. Қазақстанның бірнеше облысы Ресеймен шекаралас жатыр. Мұны да тиімді пайдалану қажет. «Шекаралас жатқан аймақтардағы жаңа өндіріс орындарының ашылуы экономиканы жандандырып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын ұлғайтады», дейді сарапшылар.

Асқар Нұрша, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы ӘЭСИ саясаттанушысы:

- Соңғы уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы айтарлықтай ұлғайды. Мәселен, соңғы 8-9 айда 11 млрд доллардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Сондықтан экономикалық өсім кезіндегі мұндай көрсеткіштер біздің екіжақты қарым-қатынасымызға, өзара саудаға оң ықпал етеді. Қазақстан мен Ресей президенттеріне талқылайтын мәселе әлі де баршылық. Путиннің сөйлеген сөздерінде Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптес әрі одақтас екені айтылды. Бұл өте маңызды жайт.

Хабар 24 телеарнасы