366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде ТМД жастары парламентаралық ассамблеясының Х отырысы өтті

  • 306
  • UPD: 21:54, 14.11.2017

Санкт-Петербург қаласында ТМД жастары парламентаралық ассамблеясының X отырысы басталды.

Биыл ұйым мүшелері отбасы жылын жариялап, жастар арасында осы құндылық түрін насихаттап, демографиялық жағдайды жақсарту мәселелерін талқыға салды. Басқосу нәтижесі бойынша бірқатар заң моделі әзірленді. Енді бұл құжаттарды ТМД елдері парламенттеріне енгізу көзделіп отыр. Кейін жиын қатысушылары алдағы жоспарларын құрды. 2018 жылы басты тақырып ғаламтордағы қауіпсіздік болады.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

– ТМД ұйымына кіретін елдер үшін тәжірибе бөлісуге жақсы алаң ұйымдастырылды. Әр делегатқа өз мемлекетіндегі бағдарламалар жайында баяндауға мүмкіндік беріледі. Биыл отбасыны сақтап қалу, жастардың әлеуметтік түйткілдері қызу талқыланды. 

Хабар 24 телеарнасы