366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізге амур жолбарыстарын әкелу мәселесі депутаттар арасында пікірталас тудырды

  • 374
  • UPD: 21:39, 07.12.2017

Қазақстанға әкелу жоспарланған амур жолбарыстарына қатысты талқылау қайта қыза түсті. Бірқатар Мәжіліс депутаты «жоба қажетсіз және өзін өзі ақтамайды» деген пікір білдірді.

Бұдан бұрын 2025 жылға дейін Іле-Балқаш резерваты құрылып, оған 200-ге жуық жолбарыс әкелінетіні айтылған. Оны іске асыруға халықаралық қор 10 млн еуро бөлмек. Депутаттарды осы қаржы таусылған соң жыртқыштарды күту шығынын кім көтеретіні алаңдатып отыр. Оның үстіне 5-6 жылда азулы аңның қарасы көбейіп, сол маңдағы ауыл тұрғындары мен төрт түлікке де қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ кезінде қар барысын көбейтеміз деп, ақыры сәтсіз аяқталған жоба да мысалға келтірілді. Ал сала мамандары «кезінде қазақ жерінде болған жолбарыстардың фаунасын қайта қалыптастырамыз» дегенді ұдайы алға тартып жүр. 

Марлен Айнабеков, ҚР АШМ комитет төрағасы: 

- Кейінгі шығындар бойынша мұны да есептедік. Мынау Іле-Балқаш резерваты болғанда оныда біз зерттеу жасадық. Бір тигр 1 млн долларға дейін көтереді екен. Туризмді дамыту, сафари-парк жасау өзін өзі ақтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы