384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қайрат Қожамжаров артылған сенімге алғысын білдірді

  • 612
  • UPD: 21:59, 11.12.2017

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысы жүктеген міндетті абыройлы атқаратынын айтып, артылған сенімге алғысын білдірді.

Жақып Асанов бір жылдың көлемінде бас прокурорлық қызметте жүріп, қолға алған игі істер мен нақты нәтижелерді сөз етті. Айта кетейік, ол Президент тапсырмасымен прокуратура органдарына қатысты жаңа заң жобасын әзірлеп, стратегиялық жоспарларды жүйелі жүзеге асырды. Енді Жақып Асанов Жоғарғы соттың төрағасы ретінде құқық саласының дамуына үлес қоспақ. Жалпы прокуратура органдарының жаңа басшысы Қайрат Қожамжаров та бұған дейінгі қызметін абыройлы атқарды. Ол сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында шетелде жасырылған оффшорлық шоттарды тауып, оларды елге қайтару бағытында жұмыс істеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласын дамытуға айрықша атсалысты.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президент әкімшілігінің басшысы:

– Сіздер Қайрат Пернешұлын жақсы білесіздер. Мамандығы заңгер, тәжірибесі мол. Ұзақ жылдар бойы прокуратура саласында қызмет еткен. Қаржы полициясын басқарды. Облыс әкімі болды. Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет агентігінің төрағасы болды. Ол Елбасы қойған тапсырмаларды әрқашан абыроймен орындап келеді. Жаңа қызметі жемісті болады деп ойлаймыз.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

– Қазақстан халқының алдында прокуратура органдарының абыройын көтереді деген сенімім бар. Сіздерге үлкен рақмет. Сіздермен әрқашан қарым-қатынаста боламыз.

Хабар 24 телеарнасы