378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік аясы кеңейе түседі

  • 364
  • UPD: 23:34, 13.12.2017

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестікті тереңдету мен кеңейту келісімі екі жақты ынтымақтастықтың негізі болмақ. Бұл туралы Страсбургте өткен Еуропарламенттің пленарлы отырысындағы дауыс беруден соң депутат Эдуард Кукан біздің арнаға берген сұхбатында айтты. Еске сала кетейін, еуродепутаттардың басым дауысымен бұл құжат мақұлданған болатын.

Эдуард Кукан, Еуро Парламент депутаты: 

- Бұл келісім Қазақстан мен Еуроодақтың алдағы қарым-қатынасы үшін мықты әрі берік негіз болмақ. Және екі тарапқа да тиімді боларына сенімдімін. Бұл басқа аймақтарға да үлгі болары анық. Елдің Тәуелсіздік күніне орай осы маңызды құжатты мақұлдағанымыз сәтті әрі мәнді болды. Мен барлық Қазақстан халқын құттықтағым келеді. Болашақта ынтымақтастығымыз арта берсін дегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы