386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының атына Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары құттықтау жеделхаттарын жолдады

  • 873
  • UPD: 19:58, 16.12.2017

Бүгін елімізді Тәуелсіздігімен шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері құттықтап, Елбасының атына жеделхат жолдады.

Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы, Германия Президенті мен Канаданың Генерал-губернаторы Жули Пайетт, Қырғыз Республикасының Президенті құттықтаған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тілеген жеделхаттарды Жапония Императоры, Сингапур, Аустрия, Мексика президенттері, Нидерланды Королі, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің жəне министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро Рус жолдаған.

Хабар 24 телеарнасы