389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Қазақстандағы экс-елшісі Тәуелсіздік күніне орай жылы лебізін білдірді

  • 600
  • UPD: 09:40, 19.12.2017

Қазақстанның ширек ғасырдағы тәжірибесі мен даму жолы көп елге үлгі. Саяси тұрақтылық, экономикалық даму мен мызғымас бірлікке қол жеткізген Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі зор.

Тәуелсіздік мерекесіне орай жылы лебіз білдірген Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яо Пэйшэн осылай дейді.

Яо Пэйшэн, Қазақстандағы ҚХР бұрынғы елшісі:

– Мен қай жерде, қандай мемлекетте жүрсем де Қазақстанның жетістіктерінен үлгі алуға шақырамын. Өйткені өзім еңбек етіп кеткен елдің қалай дамып келе жатқанына куәмін. Астанаға қарап-ақ, Қазақстанның экономикасы тұрақты, бірлік пен берекесі жарасқан мемлекет екенін көруге болады. Осы Қазақстанның өркендеуін Президент Н.Назарбаевтың еңбегінен бөліп қарауға болмайды. Меркелеріңіз құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы