378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаты: Қазақстан өзінің бітімгерлік ұстанымымен әлемге әйгілі

  • 444
  • UPD: 12:07, 19.12.2017

Бундестаг депутаты Аксель Фишер қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтайды.

Неміс саясаткерінің пікірінше, Қазақстан 26 жыл ішінде жан-жақты дамумен қатар Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Өйткені Қазақстан өзінің бітімгерлік ұстанымымен әлемге әйгілі.

Аксель Фишер, Бундестаг депутаты: 

– Қазақстан күллі әлемге елдеріңіздің заманауи, ашық мемлекет екенін көрсетті. Оның бейбітшілік жолындағы бастамалары айтуға тұрарлық. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренада маңызды рөл атқаратынын атап айтқым келеді. Әсіресе Сириядағы шиеленісті шешуде қосқан үлесі зор. Қазақстан келіссөздер жүргізуге және тараптардың сириялық шиеленісті бейбіт жолмен шешуіне өз алаңын ұсынды. Қазақ халқын шын жүректен Тәуелсіздіктеріңіздің 26 жылдығымен құттықтаймын. Мемлекеттеріңіздің Орталық Азиядағы тұрақтылық кепіліне айналғанына өте қуаныштымын. 

Хабар 24 телеарнасы