389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Парламентінің Сенаты 2017 жылғы жұмысын қортындылады

  • 729
  • UPD: 20:15, 28.12.2017

Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасы 2017 жылғы жұмысын қорытындылады.

Төраға депутаттардың заң шығару жұмыстарына оң баға беріп, қоғамда зор ықылас туғызған парламенттік тыңдаулар мен кездесулердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сенат ел үшін аса маңызды кодекстер мен заңдарды қабылдады. Олардың қатарында Салық, Кеден және Жер қойнауы кодекстері, үш жылдық бюджет, құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту, ақпарат және коммуникациялар туралы заңдар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Маңызды шараларға толы жыл ішінде Сенат Елбасы белгілеген міндеттер аясында ауқымды және нәтижелі жұмыс атқарды. Сенаторлар Үкіметпен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, еліміз үшін аса маңызды боып табылатын 90-нан астам заң жобасын талқылап қабылдады. Қабылданған заңдар негізінен Президенттің Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Хабар 24 телеарнасы