377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Хоугланд: Қазақстан БҰҰ ҚК төрағасы ретінде өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратынына сенімдімін

  • 538
  • UPD: 21:50, 15.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері ішінде Ақ үйге ресми сапармен шақырылған алғашқы Президент.

Ал Дональд Трамптың бұл биылғы жылғы алғашқы халықаралық кездесуі. Сондықтан ол өте маңызды. АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричар Хоугланд осылай деді. Дипломаттың айтуынша, қос ел арасында берік сауда экономикалық қарым-қатынас орнаған. Бұл ел тәуелсіздігін алған тұста Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алған реформаларының жемісі. Қолайлы инвестициялық климаттың арқасында Қазақстанда Американың 500-ден аса компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, АҚШ – 2005 жылдан бері елімізге 30 млрд доллар қаржы құйған негізгі инвесторлардың бірі. Елбасының ресми сапары Астана мен Вашингтон арасындағы ынтымақты одан әрі арттырып, жаңа қарқынға көтермек. Сондай-ақ америкалық тарап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жоғары деңгейдегі пікірталасына қазақ көшбасшысының төрағалық етуін жоғары бағалап отыр.

Ричар Хоугланд, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі: 

- Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратынына сенімдімін. Сіздер ядролық қаруды таратпау ісінде көшбасшы мемлекет саналасыздар. Қазақ елі жойқын қарудан бас тартып, сынақтан өткізуге тыйым салып, көпке үлгі көрсетті. Бұл БҰҰ-ның басымдық беретін негізгі көрсеткіші болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы