386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық сарапшылар Қазақстанның бейбіт бастамаларын қолдайды

  • 422
  • UPD: 09:48, 18.01.2018

Дональд Трамптың қазақ көшбасшысымен кездесу өткізуі екі ел арасындағы байланыстың жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады.

Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы маңызды әріптесі. «Мұра» қоры және сыртқы саясат институтының директоры Люк Коффи осындай пікірде. Сарапшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары аясында жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 20-дан астам келісімге қол қойылуын жоғары бағалады. Әсіресе қос елдің энергетика саласына қызығушылығы ерекше. «Қол жеткізген уағдаластықтар Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді», – дейді ол. Сондай-ақ еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Ауғанстан мәселесін көтеруін жоғары бағалап отыр.

Люк Коффи, «Мұра» Сыртқы саясат орталығының директоры:

- Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы мемлекет ретінде Ауғанстанда тұрақтылық орнатуға көмектесе алады. АҚШ та қол ұшын беруге дайын. Мәселен, тәжірибемізбен бөлісіп, Орталық Азия елдеріне әскери оқу-жаттығуларын өткізуге әзірміз. Біз Қазақстанның бейбіт бастамаларын қолдаймыз.

Сондай-ақ сарапшылар Елбасының Америкаға сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтерді деп санайды. Түрлі салалардағы ынтымақтастық жандана түсетініне сенімді.

Даниел Рунде, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының жобалар жөніндегі директоры: 

- АҚШ Қазақстанмен әріптестікті одан әрі дамытуды қалайды. Бұл ретте Қазақстан Президентінің бізге жасаған сапары өте маңызды. Әрине, біз сіздердің елдеріңізбен тәуелсіздік алған кезден бастап ынтымақтастық орнаттық. Бірақ қазақ көшбасшысының бұл сапары серіктестікке жаңа леп бермек.

Хабар 24 телеарнасы